«Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ұжымда жұмыс істейтін кез – келген қызметкерлер үшін ең үлкен марапат – өз еңбегінің жемісін көру болып табылады. 70 жылдық тарихы бар колледждің өзі – Қазақстанда кәсіби білім беріп дамудағы тамаша бір үлгісі деуге болады. 70 жыл ішінде колледж, еңбек нарығында сұранысқа ие болған 20 мыңдай әр түрлі кәсіби мамандықтарды дайындағанын біз мақтанышпен айта аламыз. Олар: техник – гидротехниктер, мелиораторлар, техник – экологтар, эконамист – бухгалтерлер, техник – жергеорналастырушылар, қазір олар Қазақстанда, ТМД елдерінде және шет елдерде жұмыс істеп жатыр. Колледж түлектері арасында – Әкімдер және олардың орынбасарлары, гидротехниктер, технологтар мен техниктер, Қазақстан Республикасындағы су шаруашылығын дамытуда өздерінің салмақты үлесін қосты.
Құрметті сайтқа кірушілер! Колледждің басшылығы мен педагогикалық ұжымының атынан Сіздерге біздің сайтқа кіргендеріңізге куанышты екенімізді білдіреміз.
Әрбір адамның өмірінде түрлі жағдайлар туындайды, оның бірі қуаныш әкелетін, қанағаттандыратын және қажетті нәрселерді жеткілікті болуы үшін болашақ мамандықтарын таңдау болып табылады. Қазіргі еңбек нарығының шарты бүгінгі күннің өзінде бізді болашақ туралы толғандыруда. Ең негізгісі дұрыс оқу орнын таңдау және жақсы кәсіби дайындық алу.
Біздің колледжде қазіргі заманға лайықты ақысыз білім алу үшін қажетті барлық жағдайлар жасалған. 2012 жылы колледж Мемлекеттік аттестациядан нәтижелі өтті. Үшқоңыр ауылында орналасқан техник – гидротехниктер мамандығын дайындайтын, аймақта бір ғана оқу орны бар. Энергоқорлар мен ауыз судың жеткіліксіз дәрежеде болмауы, экологияның күрт төмендеуі, көктемдегі ауыл – аймақтардың су басып қалуы сияқты мәселелер жөнінде аймақтық деңгейінде мамандар дайындау біздің де алдымызда тұр. Су шаруашылығы мамандықтары гидротехникалық құрылымдарды салу және өткізу, жобалау, өзен бассейндерін, су ағындарын зерттеу, анықтау, жұмыстарын жүргізуде.
Колледждің 70 жылдық мерейтойы алдындағы жаңа тапсырмалар: ұжым алдында колледж түлектерінің сапалы кәсіби дайындығын көтеру және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету сияқты шаралар қойылып отыр.
Біздің колледжге деген қызығушылығыңызды көрсеткеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Үлкен рахмет.