25.09.2021  Сенбі

Мамандықтар туралы ақпарат

БОЛАШАҚТЫ БІЗБЕН БІРГЕ ҚҰРЫҢЫЗ!

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі  1944 жылы құрылған. Колледждің материалдық-техникалық базасы қазіргі уақыт талабына сәйкес өте қажетті білікті мамандар даярлауға  мүмкіндік береді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған студенттерге  ШӘКІРТАҚЫ беріледі. Басқа қаладан келген студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі.

 

КОЛЛЕДЖДЕ ОҚУ БЮДЖЕТТІК НЕГІЗДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

КОЛЛЕДЖДЕ 4 МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ОҚЫТУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

 

1407000 - «Гидротехникалық құрылыс» (күндізгі және сырттай оқу)                   

                                                                                                                                     Біліктілігі: 1407013 «техник-гидротехник» оқыту тілі: Мемлекеттік тіл Оқу мерзімі 3 жыл 10 ай,  (9 сынып), 2 жыл 10 ай (11 сынып)   

1511000 - «Жерге   орналастыру» (күндізгі оқу) 

                                                                                                                                     Біліктілігі: 151101 2 «сызушы» 151103 3 «техник» оқыту тілі: орыс тілі Оқу мерзімі 3 жыл 10 ай,  (9 сынып), 2 жыл 10 ай (11 сынып)  

1305000 - «Ақпараттық жүйелер» (күндізгі оқу)                                                 

                                                                                                                                     Біліктілігі: 130501 1 «дизайнер» 130503 3 «техник» оқыту тілі: орыс тілі Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай,  (9 сынып), 1 жыл 10 ай (11 сынып)  

1509000 - «Экология және табиғатты қорғау қызметі» (күндізгі оқу)             

                                                                                                                                     Біліктілігі:150905 3 «техник-технолог» оқыту тілі: Мемлекеттік тіл Оқу мерзімі 3 жыл 10 ай,  (9 сынып), 2 жыл 10 ай (11 сынып)  

 

Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай, оқу үрдісі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Колледждің оқытушыларының құрамы бағдарламалау, мелиорация, топография, құрылыс және су техникалық құрылыс салалары бойынша білікті мамандардан құралған. Студенттер кәсіби дайындықтарымен қатар колледждің спорттық, қоғамдық, мәдени өміріне  де белсене қатыса алады.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

 

1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;

2)Білім туралы куәлік (түпнұсқа) және ҰБТ сертификаты (құжаты және көшірмесі);

3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

4) Мамандыққа жарамдылығын растайтын медициналық анықтамасы (Ф-086 –У, флюротүсірілім)  және екпе туралы анықтамасы  №063.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі 25 маусымнан бастап, жұмыс уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін

Жатақханаға орналасу үшін тиісті құжаттар

1. Ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;

2. Отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;

3. Ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);

4. Отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;

6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;

7. Жеке басын куәландыратын құжат.

Колледж мекен-жайы:

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1. Байланыс телефоны:

Байланыс телефондар:    8-72771-5-05-80,  8-72771-5-05-79, Салтанат 8-701-657-2336, Айгерим 8-747-717-7005

 

rus

kz 1

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala