25.09.2021  Сенбі

Үшқоңыр су шаруашылық колледжінің кітапханасында 2021 жылдың 23 қыркүйек айында «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Біз басқамыз, бірақ ұқсаспыз» атты челленджі білім алушыларға жол тартты.
Мақсаты: Оқырмандарды әдебиет әлеміне баулу, оның алуан түрлілігін көрсету және кітап оқуға деген талғамын ояту.

9 қыркүйек айында Қазақстан Республикасының тілдер күніне арналған «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тірегі» атты кітапханалық сабақ өткізілді, және осы тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Үшқоңыр су шаруашылық колледжінің кітапханасында 2021 жылдың 25 наурыз айында « Мамандығым - мақтанышым!»- атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрменің мақсаты: колледж студенттерін мамандықтар туралы ақпараттандыру, өз мамандықтарын сүйіп, мақтаныш етуге тәрбиелеу.
Көрме тұжырымдамасы: оқырмандарды кітаптармен қызықтыру, ой-өрісін кеңейту

Үшқоңыр су шаруашылық колледжінің кітапханасында 2021 жылдың 19 наурыз айында «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз»- атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрменің мақсаты: жас ұрпақты қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуге, ұмытпауға және қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрме тұжырымдамасы: оқырмандарды тақырып бойынша әдебиеттермен және ұлттық көрнекіліктермен таныстыру.

Үшқоңыр су шаруашылық колледжінің кітапханасында 2021 жылдың 25 ақпан айында «Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл!» - атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрменің мақсаты: оқырмандарды ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру болып табылады. Көрме тұжырымдамасы: оқырмандарды автордың кітаптары және еңбектерімен таныстыру әрі қызықтыру.

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala