29.11.2020  Жексенбі

 

1

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі тарихы 1944 жылдан басталады.
1944 жылы – колледж Алматы қаласынан 2 жылдық Республикалық бухгалтерлер мектебі Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылына (қазіргі Үшқоңыр) ауыстырылу нәтижесінде құрылды.

2

1946 жылы – «Ауыл шаруашылығы құрылысы» мамандығы бойынша екінші бөлімге оқушылар қабылдау жүзеге асырылды.

1947 жылы – бірінші бухгалтерлер түлегі оқу бітіріп шықты.

1953 жылы – сырттай оқу бөлімі ашылды, техник-құрылысшы, жерге орналастырушы және ауыл шаруашылығының бухгалтері деген мамандықтар бойынша алғашқы сырттай оқу бөлімінің 57 түлегі оқу бітіріп шықты.

4 kaz53

1945 жылы – колледж Казақ КСР ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында болып, Алматы ауыл шаруашылығы техникумы деп аталды (АСХТ). «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша 2 топ қабылданды. Колледж Шамалған ауылындағы бұрынғы шіркеу дәстүрлеріне лайықтап жасалған мекемеде орналасты.

4

5 6

Алғашқы оқытушылар штаты – 7 адамнан құралды. Бірінші директор Ф.Д. Долженков, оқу ісінің меңгерушісі – С.В. Рябов, оқытушылар Г.И.Солянов, Н.П. Потапов, И.Н.Волков, В.И.Щукин және басқалар техникумының құрылуы мен дамуында маңызды рөл атқарды.

 1963 жылы – колледж Қазақ КСР мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің жүйесіне ауыстырылып, Алматы гидромелиоративтік техникум деп аты өзгертілді (АТМТ). Кадрларды дайындау 2 түрлі мамандық бойынша жүзеге асырылды: 1512 – «Гидромелиорация» және 1203 – «Гидротехникалық құрылыс». «Гидромелиорация» бөлімі су шаруашылығы нысандары құрылысына, мелиоративтік жүйелерді өткізуге, кеңшар мен ұжымшарды сумен қамтамасыз етуге, су шаруашылығы ұйымдарында жоба ізденімпаздық жұмыстар үшін техник-гидротехниктер дайындады. «Гидротехникалық құрылыс» бөлімі гидроэлектростанциялық құрылысқа, гидротехникалық құрылымдарға, атомдық және жылу станцияларының, каналдарға, порттық және жер асты құрылымдарының, су қоймаларының, су тұндырғыштың, су шығару құрылымының жұмыстары үшін гидротехниктер дайындады.


 1974 жылы – Алматы гидромелиоративтік техникумының пайдалануына жаңа оқу-өндірістік база берілді. Онда 4 қабатты оқу корпусы, оқу-өндірістік шеберханалар, зертханалық-практикалық сабақтар үшін корпус, 2 спорт залы, акт залы, 2 жатақхана, аксхана, дүкен, стадион және спорт алаңдары, 13 зертхана, 25 кабинет, 36 оқу аудиториясы, кітапхана, оқу залы болды. Күндізгі оқу бөлімінде 820, сырттай оқу бөлімінде 600 оқушы оқыды.

 

1997 жылы – Алматы су шаруашылығы техникумы Қазақстан Республикасының білім беру министрлігінің 1997 жылғы 11 желтоқсанындағы № 312 бұйрығымен Алматы су шаруашылығы колледжі деп аты өзгертілді.

1999 жылы – Алматы су шаруашылығы колледжі 1999 жылы 18 наурызда Алматы облыстық әкімшілігінің шешімі негізінде Шамалған су шаруашылығы колледжі деп аты өзгертілді. Колледж өз қызметін 2009 жылы 11 қыркүйектің АБ № 0051109 серия лицензия негізінде жүзеге асырады және 0518000 – «Есеп және аудит (салалар бойынша)», 1509000 – «Экология және табиғатты қорғау қызметі», 1407000 – «Гидротехникалық құрылыс», 1511000 – «Жерге орналастырушы», 1305000 – «Ақпараттық жүйелер (қолдану облысы бойынша)».

1974 г. – в Алма-Атинском гидромелиоративном техникуме была введена в эксплуатацию новая учебно-производственная база, включающая в себя: 4-х этажный учебный корпус, учебно-производственные мастерские, корпус для лабораторно-практических занятий, 2 спортивных зала, актовый зал, 2 благоустроенных общежития, столовая, магазин, стадион и спортивные площадки. Имелись 13 лабораторий, 25 кабинетов, 36 учебный аудиторий, библиотека, читальный зал. Контингент учащихся по дневной форме обучения составлял более 820 человек, по заочной форме обучения более 600 учащихся.

1992 г. – Постановлением кабинета министров РК от 17 августа 1992 г № 691 Алма-Атинский гидромелиоративный техникум был переименован в Алматинский техникум водного хозяйства.
1997 г. – Приказом министра образования РК от 11 декабря 1997 года № 312 Алматинский техникум водного хозяйства был переименован в Алматинский 
колледж водного хозяйства.

7

 

8 9
Г.С.Рябов  50-ден астам
жылдар бойы жұмыс істеді
 ҮСШК
(Мұғалім және студенттер)
Түлектер жиналысы 1976г.

 

Біздің ардагерлеріміз

10 11
Сапельникова Л.М Негрешева В.Ф., Негрешев Н. Л., Суходолова Л.Г

 

  

12

2010 жылы -  Шамалған су шаруашылығы колледжі 2010 жылдың 8 қазанында Алматы облысы әкімінің № 144  қаулысымен «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»  болып өзгертілді.Колледждің бүкіл тарихына көз жүгіртетін болсақ, су және ауыл шаруашылығы үшін жоғары дәрежелі мамандарды дайындауда Қазақстандағы орта арнаулы білім беретін оқу орындарының ішіндегі ең тәуірі, ең танымалы болып есептелді және одан әрі жалғасын табуда. Базалық және жоғарылату деңгейі бойынша 30 мың мамандар дайындады. Жүздеген түлектер ғылым жолына түсіп, біразы мемлекеттік қызметке және ірі мекемелердің басшысына дейін көтерілді. Оқу орнының дамуы қазіргі заман тұжырымына сәйкес көп жылдар бойы жинақталған тәжірибе негізінде анықталып, экономикалық жағдайлардың тез өзгеріп отыруын есепке ала отырып, заман талабына мамандар дайындауды мақсат етеді.

 

 

 

 

 

 

Колледж басшылары:


13

13

13
 13
 1. Ф.Д.Долженков  (1949-1953ж)  2. С.А.Акатов (1953-195ж)  3. А.Кулумбетов (1957-1959ж)  4. А.С.Фисюн (1959-1963ж)
 13  Adilbekov  13  13
 5. К.Ж.Бекбергенов (1964-1972ж)   6. Н.Б.Адильбеков (1972-1976ж)  7. В.М.Костюченко (1976-1985ж)  8. М.А.Амиржанов (1985-1987ж)

image0019. Т.А.Ибрагимов 1987-2018ж

 

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala