29.11.2020  Жексенбі

0111

«1511000 Жерге орналастыру» мамандығы

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің тарихы 1944 жылдан басталады.Қазіргі таңда мұнда 5 мамандық бойынша мамандарды дайындайды. Оның ішінде «1511000 Жерге орналастыру» мамандығы болашағы бар әріқызықты мамандық болып табылады. Негізгі орта білімнен кейін бұл мамандықта білім берудің модульді жүйесі бойынша 3 жыл 10 ай оқиды.

Мемлекет басшысы ҚР білім беру саласына жоғарғы баға береді, өзінің Жолдауында елбасы білім беру ісінің бәсекеге қабілетті, жоғар сапалы, білікті болуы керектігін атап өтті. Басты мақсат – қарқынды түрде даму үстіндегі әлеуметтік – экономикалық жағдайда өзінің шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға қабілетті жан жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Алматы қ. Айналасында сауда – саттық белдеүін құру. Мұндай ауқымды мәселелерді шешу үшін міндетті түрде жерге орналастыру ісін білу керек.

Бірінші жыл – жалпы білім беретін пәндерді оқу. Нәтижесінде студенттер мынадай базалық білім алады: негіздеді түсіну , өзіңді тану және өзінің қоғамдағы орныңды түсіну, әлеуметтік, саяси, этникалық, конфессиялық және мәдени ерекшеліктерді, заманауи және экономикалық жүйе жұмысының заңдылығы мен механизмдерін түсіну. Содан кейін екінші және үшінші курстарда кәсіби және арнайы пәндер оқытылады. Соның нәтижесінде студенттер Mapinfo, Autocad, ArgGis GeoniCS геоақпараттық жүйелерінде графикалық және мәтіндік құжаттар құруға мүмкіндік беретін «1511001 2 – Сызбашасы» біліктілігін алып шығады. Толық оқу курсын аяқтағаннан кейін студенттер «1511003 3 – Техник» біліктілігіне ие болады, оның негізіне кіретіндер – менеджмент және маркетингтің қызмет саласын басқару, Мемлекттік жер кадастрын жүзеге асыру, жерге орналастыру жобаларын әзірлеу, геоақпараттық технологияларды жерге орналастыру және геодезиялық міндеттері орындау үшін қолдану.

Болашақ мамандық өте қызықты, оның үстіне ол біздің Мемлекетімізді, біздің Алматы облысын дамытудың осы күнгі талаптарына жауап береді, ауыл шаруашылығындағы жер кадастры мен жерге орналастыру кажеттіліктері үшін, өнеркәсіптік мақсаттарда, жол құрылысы, ғимараттар әуежайлар мен басқа да объектілердің құрылысы мақсатында заманауи приборлар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы геодезиялық жұмыстарды орындаумен байланысты болады.

Сондай-ақ, ҚР азаматтарының жерге иелік ету және жерді пайдалану жобаларын, ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық мақсатына кірмейтін кәсіпорындардың жерді пайдалану жобаларын құру және негіздеу қабілеттері де қажет.

Колледжде Жерге орналастыру мамандығы бойынша теориялық білім мен практикалық тәжиірбе береді. Теориялық сабақтарда оқытушылар түрлі приборлардың құрамын, олармен жұмыс істеу әдістерін және жерге орналастыру кезінде жобалық жұмыстарды орындауды үйретеді.

Геодезия,картография геодезия саласындағы ақпараттық технологиялармен байланысты практикалардың өзі – 16 апта. Олардың бір бөлігі, сонымен бірге өндірістік технологиялық және дипломалды практика Алматы облысының Қарасай,Жамбыл және өзге де аударындағы жерге орналастыру ұйымдарының объектілерінде модульді білім негізінде өтеді.

Практикалық сабақтар мен оқу практикаларында білім алушылар жоспарлы және жоғары биіктіктегі геодезиялық түсірілімдер үшін геодезиялық негіз құру бойынша дала жұмыстарын орындайды, дала материалдарына камералды өңдеу жүргізеді: азимут,румба , нүктелер кординаттарын есептеп шығарады, жоспарлар құрады, олардың үстіне ситуация, горизонтальдар енгізеді, учаскелердің аудандарын анықтайды және т.б.

Бұл өте қызықты және ең басты болашағы бар іс! Қазіргі уақытта геодезиялық практикада электронды тахеометрлер , GPS, лазерлік алысты өлшеуіштер, заманауи оптикалық теодолиттер мен тәрізді геодезиялық приборлар қолданылады.

Жоспарлар мен карталар құру үшін жиі жағдайда аэрофотокескіндер мен ғарыштық кескіндер мен ғарыштық кескіндер материалдары қолданылады.

 

 

 


 

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala