24.11.2020  Сейсенбі

 

0518000 - «Есеп және  и аудит (салалар бойынша)» мамандығы Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің 2008 жылдың 3 маусымындағы №273-од бұйрығымен бекітілген.

ҚР – МЖ 05-2008 «Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі білім берудің кәсіптері мен мамандықтар жіктеуіші» бойынша біліктіліктер:

051801 2 – Есепші;

051802 3 – Есепші – ревизияшы;

051803 3 – Экономист – бухгалтер.

0518000 - «Есеп және  и аудит (салалар бойынша)» мамандығы бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру нысаны:

  • Күндізгі;
  • Сырттай;

Жалпы білім беретін қабылдау базасы:

  • Негізгі орта білім базасы негізінде;
  • Жалпы орта білім базасы негізінде;

     0518000 - «Есеп және  и аудит (салалар бойынша)» мамандығы бойынша біліктілік деңгейлері бойынша техникалық және кәсіптік білім беруді білімділік бағдарламасы іске асырылады:

  • Орта буын маманының;

Күндізгі оқу түрінде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын мамандықтар бойынша меңгерудің нормативтік мерзімі:

Қабылдаудың білім базасы

Біліктілік атауы, коды

Біліктілік деңгейі бойынша білім беру оқу бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі.

Негізгі орта білім негізінде

Орта буын маманы

051803 3 – экономист -бухгалтер

Орта буын маманы:

2 жыл 10 ай

Жалпы орта білім беру негізінде

Орта буын маманы

051803 3 – экономист -бухгалтер

Орта буын маманы:

1 жыл 10 ай

0518000 - «Есеп және  и аудит (салалар бойынша)» маманының қызметінің кәсіптік объектісі:

Экономист-бухгалтер орта деңгейдегі маманының кәсіби қызметінің объектісі:

  • Қаржы-шаруашылық қызметтің есебін жүргізу, сонымен қатар, осы әр түрлі ұйымдық-құқықтық меншік түрлеріндегі ұйымдардың қызметі жағдайымен нәтижелерін бақылау және талдау болып табылады;

0518000 - «Есеп және  и аудит (салалар бойынша)» мамандығы бойынша кәсіптік қызмет түрлері

Экономист-бухгалтердің кәсіптік қызмет түрлері:

  • Қаржы-шаруашылық қызмет жағдайы мен нәтижесінің бақылауы мен талдау ұйымдарында бухгалтерлік есепті жүзеге асыру жұмыстарын орындайды.

 

Білім алушылардың дайындау деңгейіне қойылатын талаптар

Толық оқу –тәрбиелік үдеріс барысында қалыптасатын, маман  біліктілігі деңгейіне сәйкес базалық құзыретті меңгеруге міндетті:

БҚ 1. Нақты өмірлік жағдайдағы тапсырмаларды орындау үшін қазақ және өзге тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникация құралдарын пайдалану;

БҚ 2. Шиеленісті жағдайлар мен жұмыс орнындағы мәселелерді шешудің жалпы нәтижесін алу үшін топтағы әр түрлі орындарда тұрған адамдармен, өзге ұлт өкілдерімен коммуникативті қарым-қатынас құру;

БҚ 3. Өз қызметінің мақсаты етіп, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтау, оны іске асыру үдерісін жоспарлау және ұйымдастыруды таңдап алу;

БҚ 4. Рефлексия және өзін-өзі бағалауды, қызметін бағалау мен оның нәтижелерін іске асыру;

БҚ 5. Сәл жоғарырақ біліктілікті мамандар жетекшілігімен жұмыстарды орындау;

БҚ 6. Қазіргі заман ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен логикалық операцияларды (талдау, синтез, жинақтау, құрылымдау, материалдардың жүйеленуі) қолдана отырып, ақпаратты өңдеу;

БҚ 7. Өзінің жұмыс орнын ғылыми ұйымдастыра алу керек, жұмыс тәртібін орындау керек;

БҚ 8. Өмір бойы өзінің білімін жаңартып отыру керек;

БҚ 9. Қойылған міндеттерге бара-бар технологияларды қолдана алу керек, технологияны айқын қоя білуі керек;

БҚ 10. Қазіргі заман ақпараттық -коммуникациялық технологиялар көмегімен ақпаратты өздігінен табу, талдау, іріктеу, қайта жасау, сақтау, интерпретация жасау.

Толық оқу-тәрбиелік үдеріс барасында қалыптасатын, маман біліктілігі деңгейінің сәйкес  кәсіптік құзыретті меңгеруге міндетті:

КҚ 1. Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін талдау және бухгалтерлік есебін ұйымдастыру жөніндегі заңнамалар және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды білу;

КҚ 2. Ұйымдарда бухгалтерлік түрі мен әдістерін білу және ұйым саясатының есебін құрай алу;

КҚ 3. Бухгалтерлік есептің бөлімдері бойынша құжат айналымын ұйымдастыра алу, бастапқы есепті құжаттарды толтыра білу және бухгалтерлік есепке алудың есебінде негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтар, ақшалай қаражат айналымдары, ұйымдармен, бюджетпен, жеке тұлғалармен есеп айырысу, шетел валютасы операциясымен байланысты істерді көрсете білу керек;

КҚ 4. Есептер жоспарын білу және есептер корреспонденциясын құруды, бухгалтерлік тіркеуді жүргізе білу;

КҚ 5. Есеп жүргізе алу және өндіріспен айналым есеп айырысуларын, шығындар сметасын құрай білу, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері өнімдерін (жұмыс, қызмет) іске асыру есебін жүргізе алу.

Толық оқу-тәрбиелік үдеріс барасында қалыптасатын, маман біліктілігі деңгейінің сәйкес  арнайы құзыретті меңгеруге міндетті:

АҚ 1. Жұмысында ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыруда заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды қолдану;

АҚ 2. Ұйым саясатының есебін құрау кезінде ұйымдарда бухгалтерлік есептің түрі мен әдістерін қолдану;

АҚ 3. Келіп түсетін негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттың есебін жүргізу, олардың қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есепті уақтылы көрсету;

АҚ 4. Бухгалтерлік есептің деректері негізінде ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің кешенді талдауын жүргізу және қаражаттың жұмсалуындағы кемшіліктерді жою, өндірістің тиімділігін арттыру, үнемдеу режимін біртіндеп жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

АҚ 5. Қаржы тәртібін сақтауға, салық және өзге де міндетті төлемдерді уақытында төлеуге бағытталған іс-шараларды әзірлеуге қатысу.

 0518000  «Есеп және  и аудит» мамандығы бойынша мамандарды даярлау 1993 жылы басталды.

Мамандарды даярлау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №643бұйрығына негізделіп сериясы АА №0010041 03.08.Лицензиясы бойынша жүргізіледі.

 Қазіргі уақытта сырттай оқу бөлімінде оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі» өзінің техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы қызметін 2011 жылы 23 маусым Алматы облысы Білім басқармасымен берілген АБ сериясы №0142439 мемлекеттік лицензиясы бойынша  жүргізеді.

2012 жылдың 1 қаңтарына оқушылар саны – 161 оқушы, күндізгі бөлімде – 74, сырттай оқу бөлімінде –  87, оның ішінде мемлекеттік тілде - 51 оқушы.

 Мамандарды дайындауды 23 оқытушы жүргізеді,  оның ішінде циклдік комиссияда 7 оқытушы бар.

2014-2019 оқу  жылдары аралығында Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінде жалпы оқушылар саны -265 оқушы. Күндізгі бөлімде- 190 оқушы, сырттай оқу бөлімінде- 75 оқушы, оның ішінде мемлекеттік тілде – 107 оқушы.

2014-2019 оқу жылындағы оқушылар контингенті

Оқу жылдары

Барлығы

Күндізгі

Сырттай

Мемлекеттік тілде

2014-2015

76

58

18

24

2015-2016

84

66

18

41

2016-2017

60

45

15

21

2017-2018

30

21

9

21

2018-2019

15

-

15

-

 

 diag

 

 

ТСБ мониторингі

 

“3 Э қаз” тобының оқушысы Маханова Айсұлу

 

“Алтын диск” облыстық байқауы

“3 АЖ” тобының оқушысы Асқарбекұлы Амангелді

 

Мамандықтар даярлаудағы сапаны көтеруші факторлардың бірі – әлеуметтік серіктестік.

 

“ЭКОНОМИКА БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗДЕ”

 

 

Білім кілті – ғылымда!

 

 

САБАҚТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАР

 

 

Бүгінгі білімді ұрпақ – ертеңгі білікті маман!

 

Жарияланым байқаулары

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala