29.11.2020  Жексенбі

Теориялық білімді бекіту және практикалық машықтар мен дағдыларды алу шеңберінде білім алушы студенттер өндірістік технологиялық және дипломалды тәжірибелерден өтеді. Практика базалары әлеуметтік серіктестік туралы шарттар мен жеке шарттар негізінде анықталады.

12

 

13

 

Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

1509000 "Экология және табиғатты қорғау қызметі" мамандығының түлектерін жұмысқа орналастыру (соңғы 5 жыл)

Көрсеткіштер

Саны

Оку жылы

2014 -2015

2015 -2016

2016 -2017

2017 -2018

2018 -2019

 

Саны

19

22

18

19

21

- мемлекеттік тапсырыс бойынша (мемлекеттік бюджет):

 

15/79%

12/54%

7/39%

13/68%

 

- Тапсырыс берушінің өтінімдері бойынша: (коммерциялық)

 

-

-

-

-

-

дербес жұмысқа орналастыру: (ЖС және декрет)

 

-

7/32%

9/44%

6/32%

 

- колледждерге, ЖОО оқуға түсті:

 

4/21%

3/14%

3/17%

   

14

Түлектерді жұмысқа орналастыру (%)

 

2014 – 2015

2015 – 2016

2016 -2017

2017 -2018

2018 -2019

Бітірушілер саны

19

22

18

19

21

Жұмысқа орналастырылды

15

12

7

13

17

Жұмысқа орналасу%

39 %

54%

39%

68%

81%

 15

 

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің 1509000 -«Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығының оқытушылары, дуалдық оқыту жүйесіне өту мақсатында, әлеуметтік серіктестермен жұмыстарын жақсартуда. Осындай колледждің әлеуметтік серіктестердің бірі «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты». Ғылыми зерттеу институтының негізінде колледж студентері оқу және өндірістік тәжірибе өтеді және де институттың ғылыми зерттеу жобаларына қатысады.

         

 

   ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

 

«Қоршаған ортаның жағдайын бақылау» атты оқу тәжірибесінің аясында «Қазақстандағы туристік көрмелер» тақырыбында Атакент көрме орталығына экскурсия ұйымдастырылды.

 

  

 Қазақстан, Алматы қаласы, Атакент, Сәуір 2018 ж.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

  

Қазақстан Республикасың орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру мақсатында және «Өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғау» пәні бойынша оқу тәжірибесін өткізуді іске асыру үшін 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап колледж территориясында тәжірибелік алаң, дендрологиялық саябақты ұйымдасдыру жұмыстары жүргізілді.

Бұл бағдарламаны ұйымдастыруда қарастырылған:

• Дендрологиялық саябақта тек ағаштар ғана емес,сонымен қатар, басқа да саябақтарда өсетін және бақшаны көгалдандыратын өсімдіктер: лианалар, гүл өсімдіктері (гүлдер) отырғызу;

• Өсімдіктер дүниесінің мәні мен негіздері, оны қорғау және ұдайы өндіру деген сұрақтарды қарастыру;

• Өсімдіктердің сирек кездесетін, жойылып бара жатқан, экзотикалық түрлерін күту және молайту бойынша бақылау, биологиялық эксперименттер мен жұмыстарды жүргізу;

• Саябақтың эстетикалық безендіру жұмыстарын жүргізу;

• ҚР ботаникалық бақтары мен саябақтарымен ынтымақтастық бойынша жұмыстар жүргізу;

Бұл жұмыс 1509000 - "Экология және табиғатты қорғау қызметі"мамандығының 3-4 курс студенттерінің бастамасымен өткізілді.

 

       

     __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

  

 «5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» арналған «Табиғатты қорғау – болашақты қорғау» тақырыбында Алматы қаласында орналасқан Ботаникалық саябақ пен Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология мұражайына колледж студенттерімен экологиялық саяхат ұйымдастырылды.

       

   

    __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

 

 "Қоршаған ортаның жағдайын бақылауға арналған аспаптар мен өлшеулер зертханасында",  "Химия және аналитикалық химия зертханасында" 1509000 - "Экология және табиғатты қорғау қызметі" мамандығы бойынша зертханалық-практикалық сабақтар мен оқу тәжірибелері кезінде қолданылатын құралдар мен жабдықтар.

«Химия және аналитикалық химия» зертханасы

Зертханада тәжірибелік және оқу практикалық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар жинақталған. Зертханада тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған қажетті құрылғылар, химиялық ыдыстар мен құралдар бар. Қажетті химиялық реактивтер мен заттар бар. Оқу тәжірибесінде "Белгісіз тұздардың құрамның талдау" (онда қажетті реактивтер мен химиялық ыдыстар, сору шкафы, кептіру шкафы қолданылады), «Минералды тыңайтқыштардың ылғалдылығын анықтау» (таразының барлық түрлерін, химиялық ыдыс, кептіру шкафы), «Катиондар мен аниондарды анықтауға сапалы реакциялар» (қажетті реактивтер мен химиялық ыдыс, сору шкафы, кептіру шкафы), «Жемістер мен көкөністердің жалпы қышқылдығын анықтау» (титриметриялық қондырғылар, хим.ыдыстар, реактивтер) «Топырақты гравиометриялық талдау» (кептіру шкафы, центрифуга, сүзгілер, хим.ыдыс) және т. б. қолданылады.

 

«Қоршаған ортаның жағдайын бақылауға арналған аспаптар мен өлшемдер» зертханасы.

Зертханада барлық қажетті аспаптар мен жабдықтарды қолдана отырып; «Суды, топырақты спектрофотометриялық талдау» (КФК-3 пайдаланылады), «РХ – 150МИ иономерінің көмегімен жемістердегі және көкөністердегі нитраттардың концентрациясын анықтау», «МЭС -200 А метеометрінің және психрометрінің көмегімен метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеу», «Гейгер брелогінің" көмегімен үй - жайдың радиациялық фонын өлшеу", «Экотестер-жемістердегі және көкөністердегі нитраттардың концентрациясын анықтау, радиациялық фонды өлшеу»,«Экотестер-аспаптарды пайдалану», «Энергия өлшегіш – тұтынылатын электр энергиясының мөлшерін өлшеу және есептеу», «Көмірқышқыл газының Детекторы – үй-жайлардағы көмірқышқыл газының мөлшерін анықтау», «Газдың ағып кетуінің сигнализаторы-құралдың мақсаты» сияқты зертханалық – практикалық жұмыстар жүргізіледі.


 

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala