24.11.2020  Сейсенбі

Құрметті қонақтар мен

Құрметті талапкерлер!

«1407000- Гидротехникалық құрылыс» мамандығы

бойынша қысқаша шолу

Image 7Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің тарихы 1944 жылдан басталады. Қазіргі таңда мұнда 5 мамандық бойынша мамандарды дайындайды. Қазіргі таңда колледжіміз Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі деп аталады.

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі Мемлекеттік тапсырыс және келісім шарт бойынша 9 және 11 сынып негізінде күндізгі және сырттай оқу бөлімінде 1407000 - «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша  даярлайды.

1407000 - «Гидротехникалық құрылыс» оқу мерзімі 3 жыл 10 ай, 2жыл 10 ай Біліктілігі техник – гидротехник.

1407000 - «Гидротехникалық құрылыс»  мамандығы бойынша 2018-2019 оқу жылынан бастап оқу үрдісі модульдік оқу жүйесімен жүргізілуде.

1407000 - «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша оқу үрдісі мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Студент колледжді тамамдаған соң білімін жоғарғы оқу орындарында жалғастыра алады. Жұмыспен қамтуImage 11 жүйесі дұрыс жолға қойылған. Еліміздің сушаруашылығы нысандарының, гидротехникалық құрылымдардың өткен 1960-1966 жылдарда салынып қызмет атқарғаннан бері ширек ғасыр болуына байланысты күрделі жөндеулер талап етіп жалпеы 70 пайызы тозып тұр. Осы жұмыстарды атқаратын бірден – бір маман иелері гидротехникалық құрылысшылар. Елді мекендердің үлкейіп, шағын қалалардың дамуы, ел экономикасының негізгі құаушысы ауылшаруашылығымен тікелей байланыстығының нәтижесінде бұл мамандықтың қызмет атқаратын ауқымы зор.

Студенттерге колледжімізде бос уақыттарын өткізуге жан-жақты жағдай жасалған.

4 қабатты студенттер үйімен (жатақхана) колледж студенттерінің тұруына толық мүмкіндіктері бар. Студенттер үйінде әр бөлмеде 2 немесе 3 орынды жатын бөлме. Толық жабдықталған жиһаздар. Күндізгі уақыттарда колледж оқытушылары құрамынан бекітілген кезекшіліктер сонымен қатар шағын іс-шаралар ұймдастырылып тұрады.

Студенттердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатымен бейне бақылаулармен толық қамтылған.

Колледжде спорт зал, сыртта үлкен стадион, акт зал, тамақтандыру комбинаты (асхана), әртүрлі қоғамдық жұмыстар жүргізіліп, үйірмелер қызмет атқарады.

Колледж оқыту нысандарында аудиториялар жаңа құрал жабдықтармен қамтамассыз етіліп, студенттер білім алуға қолайлы жағдай жасалған.

Студенттерге жоғары санатты арнайы пәндер оқытушылары дәріс, зертханалық жұмыстарын жүргізіп, арнайы оқу практикаларынан өткізеді. Оқытушылар құрамы заман талабына сай, тұрақты біліктілік көтеру курстарынан өтіп білімдерін үнемі шыңдап, көтеріп отырады.

           DSC 1700 Қазіргі таңда әлемдік жаһанданудан қалыспау, өзге мемлекеттердің ықпалында кетпеу мақсатында жан-жақты стратегиялық мақсаттар айқындалып, жоспарлар жасалуда.  Ел экономикасының қарқынды дамуы, алдынғы қатарлы елдерге ену мақсатында негізгі көрсеткіш адам денсаулығы мен қатар тұрақты жайлы баспанамен қамту. Енселі ғимараттармен сәнді ұлттық нақыштағы үйлер, жолдар, мектептер, әкімшілік мекемелер қала сәулет құрылысының ерекшеліктері т.б. қарқынды дамып жұмыс атқару тиіс.

Еліміздің территориясының кеңдігі, географиялық орналасуының әртүрлілігі.

Осы аталған мәселелерді шешу жолында білікті құрылысшы мамандар мен сушылар, су құрылысының мамандары көптеп керек.

Image 5Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінде 1407000- Гидротехникалық құрылыс мамандығы бойынша қазіргі таңда  күндізгі бөлімде 93 білім алушы сыртқы бөлімде 58 білім алушы білім алып жатыр. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бекітуімен 2014 жылы  Авторлық топ: Ибрагимов Т.А, Негрешева В.Ф, Касенова А.Е, Танатбаева М.Б, Нағашыбековтар тарапынан Үлгілік оқу жоспары жасалған. 2018-2019 оқу жылынан бастап Модульдік оқыту жүйесіне көшу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 31.10.2017 жылғы №553 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына сәкестендіріп, жұмыс бағдарламалары 2- курстардан бастап енгізілуде.

Мамандық даярлаудағы бірден бір сапа көтеруші фактор, ол- әлеуметтік серіктестер. Әлеуметтік серіктестер тізімі төмендегі кестеде келтірілген.

Білім алушылардың оқу тәжірбесінен өтетін орындары.

1

1407000

«Гидротехникалық құрылыс»

1

Ушконырирригация» МКМ

2

Мемлекетаралық су шаруашылық үйлестіру комиссиясы ғылыми-ақпараттық орталығының Қазақ филиалы

3

«КазСуШар» РМК Алматы, Жамбыл облысы филиалдары

4

ШЖҚ «Кербұлақ су құбыры» МКК

5

«Асар Со» ЖШС

6

«Қарғалы Су» аудандық МКК

7

«Казселденқорғау» ММ

8

«Қазақстан су серіктестігі» қоғамдық қоры

9

«Қарғалы Су» аудандық МКК

10

«Қарасай Құрылыс» ЖШС

11

Д.Қонаев атындағы «Үлкен Алматы» каналы Күрті бөлімшесі

12

«Сапалы кесек» ЖШС

13

«Темир Строй Сервис И КО» ЖШС

Ескерту: Білім алушылардың оқу тәжірбесінен өтетін орындары білім алушылардың таңдауына сай өзгеріп отырады.

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala