29.11.2020  Жексенбі

Мамандықтар туралы ақпарат

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі Мемлекеттік тапсырыс және келісім шарт бойынша 9 және 11 сынып негізінде күндізгі және сырттай оқу бөлімінде мына мамандықтар бойынша даярлайды:

1305000 «Ақпараттық жүйелер»

біліктілігі-техник,оқу мерзімі 2ж 10 ай, 1ж 10ай.

0518000 - «Есеп және аудит»

біліктілігі -экономист-бухгалтер оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, 1 жыл 10 ай.

1509000 - «Экология және табиғатты қорғау қызметі»

біліктілігі - техник-технолог, оқу мерзімі З жыл 6 ай, 2 жыл 6 ай (бюджет).

1407000 - «Гидротехникалық құрылыс»

біліктілігі техник-гидротехник, оқу мерзімі З жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай (бюджет).

1511000 - «Жерге орналастыру»

біліктілігі-техник, оқу мерзімі Зж 6 ай, 2 ж 6ай.

Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай, оқу үрдісі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Колледждің оқытушыларының құрамы экономика, бухгалтерлік есеп, бағдарламалау, мелиорация, топография, құрылыс және су техникалық құрылыс салалары бойынша білікті мамандардан құрылған. Білім алушылар кәсіби дайындықтарымен қатар колледждің спорт, қоғамдық, мәдени өміріне де белсене қатыса алады. Колледждің материалдық-техникалық базасы қазіргі уақыт талабына сәйкес өте қажетті білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тапсырысбойынша қабылданған білім алушыларға шәкіртақы беріледі.Басқа қаладан келген білім алушылар жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Оқу аяқталған соң Мемлекеттік оқу орнын бітіргені туралы диплом беріледі. Білім беру қызметіне берілген мемлекеттік лицензия сериясы АБ№ 0142439 2011 жылы 23 маусым.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Өтініш

2. Білім туралы куәлік (түпнұсқа) және ҰБТ сертификаты (құжаты және көшірмес)

3. Мамандыққа жарамдылығын растайтын медициналық анықтамасы (Ф-086 –У, флюротүсірілім) және екпе туралы анықтамасы №063

4. Туу туралы куәлік және жеке куәлік (көшірмелері)

5. Фотосурет 6 дана (3×4)

Жатақханаға орналасу үшін тиісті құжаттар

1. Ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;

2. Отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;

3. Ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);

4. Отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;

6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;

7. Жеке басын куәландыратын құжат.

Колледж мекен-жайы:

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1. Байланыс телефоны: 8-72771-5-05-80, факс 8-72771-5-05-79

Қабылдау комиссиясының жұмыс мерзімі 20 маусымнан басталады уақыты 9.00 – 16.30 дейін

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala