24.11.2020  Сейсенбі

Колледж жатақханасы студенттерімен "Кешірім сұрау — бақыттың баспалдағы" тақырыбында психологиялық тренингі. Тренинг мақсаты кешірімділіктің дұрыс әрекет екендігін ұғындыру, кешіре білу қасиеттерін дамыту, мейірімділік, ақылдылық, рақымшылыдық, адамгершілік қасиеттерін көрсете білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу. Тренингте түрлі мысалдар айтылып, ақыл-кеңестер берілді. Видеоролик көрсетіліп, ойларын ортаға салды. Тренинг соңы «Би терапиясымен» аяқталды.


Студенттердің «отбасы қоғамның бір бөлшегі» ретінде түсініктерін кеңейту. Отбасылық дәстүрлер мен ғұрыптарға қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Отбасы мүшелеріне деген сыйластықты, жауапкершілікті және қамқорлықты дамыту мақсатында «Отбасы –сүйіспеншілік пен жылулықтың қайнар көзі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында студенттер отбасы құндылықтары және бақытты отбасы құпиясы туралы сөз қозғап, «Ең ұлы құндылық - сүйіспеншілік» , «Әке – Отбасының тірегі »атты бейнематериалдары көрсетілді. « Отбасы бағалығын анықтау» жаттығуы мен «Отбасының түрлі-түстегі суреті» - арттерапиялық әдістемесі қолданып, «Жүректен жүрекке» жаттығуымен аяқталды.

 


«« ҰЛТЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҚЫЗЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ, РУЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҰЛЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ » ... »

Жуырда колледжімізде «Қызым саған айтам....» сырласу кеші болып өтті. Кешке 1 – 2 курс қыздары, ата –аналар, ардагер ұстаздар, колледж мұғалімдері және медицина саласындағы қызметкерлер қатысты. Мақсатымыз қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу.Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.Кеш барысында халықтың тәрбиелік мәні бар салт –дәстүрлері, мақал-мәтелдер көптеп қолданылып, қыз баланың талғамымен киінуі, үнемді болуы, сөз саптауы, жүріс – тұрысы, бар болмысы қазақтың қызына тән ибалы да иманды болуы үшін қойылатын он түрлі талап таныстырылды. Олар – әдептілік, пәктік, кеңпейіл, кешірімді, мейірім – шапағатты, ақыл парасатты, сабыр-салмақты, адал –ақжарқын, өжет, намысты болу.Сондай-ақ, кеште «Қазақ қызы бүгінгінің қандайсың?... бейнеролик көрсетіліп ата-аналар мен қыздар топқа бөлініп пікірталас өткізілді. Әр топ өз ой пікірлерін ортаға салды. Сырласу кешінде болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға дұрыс, өнегелі тәрбие беру жөнінде көптеген пікірлер айтылды.

Көрермендер: колледж директорының ТІЖ орынбасары Г.Ж.Лиясова, ардагер ұстаз Р.Файзекеқызы, К.Абдезова, Г.Т.Жапарова сонымен қатар колледж мұғалімдері қатысып қыздарға аналық ақыл-кеңестерін берді. Сырласу кеші өте қызықты әсерлі өтті, қатысушылар өздерін толғандырып жүрген көкейдегі сұрақтарына жауап алып тарасты.


Жас мамандарға арналған «Жеке тұлға және маман» атты тренингі

Мақсаты:

1. Мұғалімнің әртүрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті дұрыс пайдалана білуін дамыту.

2. Мұғалімнің кәсіптік деңгейін байқау және дамыту.

3. Мұғалімнің кәсіптік–педагогикалық ерекшеліктерін және эмоция жағдайларын дұрыс пайдалана білуіне жаттықтыру.

Тренинг барысында Вербалды қарым қатынасқа түсуге байланысты эмоциялық жаттығуы, «Мұғалімнің шыдамдылығы» сауалнамасы, «Сіздің ойыңыз қайда бағытталған?» суретті тесті сияқты жұмыстар жүргізілді.

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala