29.11.2020  Жексенбі

217 каб. Жұмыс уақыты: 9.00-13.00, 14.00-17.00

Сенім телефондары: 5-05-80 (қабылдау бөлмесі)

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің психологиялық қызметі студенттердің психикалық және жеке дамуына, колледжде қолайлы психологиялық ахуалды көтеруге, оқу процесінің барлық пәндерін жан-жақты психологиялық қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін психологиялық және педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асырады.

Психологиялық қызметтің мақсаты:

- білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау,

- қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне

қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

2. Психологиялық қызметтің міндеттері:

• білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін – өзі тәрбиелеу және өзін – өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

• білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты

әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;

• білім алушыларды психологиялық – педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;

• психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық

әлеуетін дамыту;

• психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу

бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

• білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;

• психологиялық проблемаларды шешуде және оқу – тәрбие жұмыстарының қолайлы

әдістерін таңдауда ата – аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;

• білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық – педагогикалық

құзыреттілігін көтеру.

Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыты және мазмұныПсихологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық – профилактикалық, түзету – дамытушылық және әлеуметтік – диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.

Психодиагностикалық бағыттар:

• білім алушылардың психикалық дамуын анықтау мақсатында оларды психологиялық

диагностикалау;

• білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;

• білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық

диагностикалау;

• психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.

2. Консультациялық бағыттар:

• білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша

консультация беру;

• білім алушыларға, ата – аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін – өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым – қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;

• күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда

болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;

• тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды

ұйымдастыру.

3. Ағартушылық – профилактикалық бағыттар:

• білім алушылар мен педагогтердің өзін – өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;

• білім алушылар бейімсіздігінің алдын алу;

• білім алушылардың әлеуметтік мінез – құлқының алдын алу;

• педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу;

• әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің жұмысына ықпал ету.

4. Түзету – дамытушылық бағыттар:

• жеке тұлғалық өсуге арналған тренинтер өткізу;

• білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, интеллектуалдық, эмоционалды – жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және

дамыту сабақтарын ұйымдастыру;

• жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзетуді жоспарлау.

5. Әлеуметтік – диспетчерлік бағыттар:

• педагог – психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың

кәсіптік құзыреттілігі,

• функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша

(дефектологтарға, логопедтерге,

• тифлопедагогтарға, т.б.) аралас ­ мамандармен жұмыс жүргізу;

• әлеуметтік – медициналық – психологиялық қызметтер туралы банкін қалыптастыру;

аралас – мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша

мүдделі органдармен

• өзара әрекет нәтижелерінің мониторингін жүргізу.

Жалпы кеңестер

1.Жабығу жағдайына ұшырамау үшін психологиялық қорғанысты қабылдау

Емтихан – жай ғана білімді тексеру ғана емес, жабығу жағдайындағы білімді тексеру болып табылады. Емтиханға дайындық және оны тапсыру кезінде жүйке және жүрек-қан тамыр жүйесіне салмақ түседі. Сондықтан емтиханға психологиялық дайындық қажет. Ол өз кезегінде емтиханға дайындалу және тапсыруға адекватты қатынас үлгілерін жасайды. Емтиханға дайындық кезінде өзіңізге сену керексіздер. Өз күшіңізге сенімсіз болған сайын, үрейде артады. Ол үрей сал болдырып, тіпті барлық әрекетті жоққа апарады.

Егер сіз ішіңізден: «Менің есте сақтау қабілетім нашар!», «Мен математикаға қабілетті емеспін!», «Мен бұл емтиханды ешқашан тапсыра алмаймын!», деп ойласаңыздар, сіздің жүйке орталығыңызға берген бұйрығыңыз әлсіз болады. Таңғаларлық ештеңесі жоқ, барлығы тек еңбектің арқасы. Өзіңізді жаман бағалауды қойыңыз.

2.Емтиханға қалай дайындалу керек?

Емтихан – сіздің не білетініңізді бақылау пікірінен бастайық... бұл сұраққа жауаптан сіздің емтиханға дайындығыңыз басталады.

І кезең. Сіздің «білу» және «білмеу» деңгейіңізді анықтаңыз. Барлығын қайталап, уақыт кетірудің орнына нені білмейсіз соған уақытты көбірек бөліңіз.

ІІ кезең. Қайталау жоспарын құрыңыздар. Емтиханға дайындықты екі ай бұрын бастау керек. Ұмытылған пәндерді үш апта қайталаған дұрыс. Емтиханға бір апта қалғанда жоспарды, қайталау кезінде жазған конспектіні көруді ұмытпаңыздар.

ІІІ кезең. Емтиханға бір күн қалғанда, ештеңені қайталама, жаттама!!! Басыңызда білім орнығу үшін кем дегенде бір күн керек.

3.Емтиханды тапсыру техникасы. Жазбаша жұмыстар

1- Емтиханда жылдам жұмыс істеу керек. Жылдам жұмыс жайлы емтихан алдында ойлап, жылдам жұмысқа дайындал.

2- Тапсырманы назар салып оқығаннан кейін, 1-2 минут үзіліс жасаңыз. Бұндай үзілісьер, уақыт аз болса да, жақсы көмектеседі. Өйткені тыныш ойлану үшін жеке уақыт бөлесіз. Табысқа жету шарттарының бірі осы.

3- Әр әрекетті тексеріңіз. Қатені табу және оны түзетуге қарағанда уақыт үнемдейсіз.

 

4.Емтихан тапсыру техникалары. Ауызша кеңестер

1- Сіздің миыңыздың дәлдігі сіздің тұрған кейпіңізге байланысты, еркін, тік, басыңызды көтеріңкі етіңіз. Қатты және еркін сөйлеңіз. Емтихан қабылдаушылардың көзіне тура қарап, ештеңеден қорықпаңыз.

2- Сізге ыңғайлы болатындай киініңіз.

Емтиханға және күнделікті сабаққа дайындалу арасында қандай айырмашылық бар?

1- Есіңізде сабақ оқыған кезге қарағанда, материалдар көлемі үлкен болады

2- Бұл материал жөнінде мұғалім сізден сұрамайды, сіз өз бетіңізбен істейсіз немесе өзге біреумен.

3- Жаңа нәрсені оқымайсыз, қайталайсыз. Бір кездері оқығанды еске түсіресіз.

4- Егер бір нәрсе түсінбесеңіз, сыныпта түсіну үшін мүмкіндік бар.

Емтиханды қалай тапсыру керек?

Жалпы ереже: емтиханға спортшы жарысқа келетін түрде келу керек. Басқаша айтсақ: емтихан тапсыру кезінде «спортшының» миы ең жоғарғы өнімділікпен жұмыс істеуі қажет. Білетін нәрсенің үштен бір бөлігін ғана қолданатын кездер болады! Неліктен?

Емтиханды жақсы тапсыруға үш жағдай әсер етеді:

1- Жақсы дайындық

2- Емтиханды тапсыру барысындағы мидың табысты жұмысы

3- Емтиханды тапсыру техникасы

Жақсы дайындық

Жақсы дайындалып, орташа тапсыруға болады, онша емес дайындалып, өте жақсы тапсыруға болады. Бұл сәттілік қана емес, емтихан тапсыру барысындағы мидың жай-күйі. Емтиханға тынығып келу керексіздер. Егер материалды соңғы секундқа дейін қайталасам, көп білемін деп ойласаңыздар – қателесесіздер! Емтихан алдындағы қорқыныш тапсырам ба, әлде тапсыра алмаймын ба?/ өте үлкен кедергі болады. Егер сіз өз күшіңізге сене алатын адам болсаңыз, қорқыныш қатты кедергі болмайды.

Емтихан күндерінде ағзаңыз бен миыңыз ең жақсы күйде болу үшін не істеу керек?

1- Емтиханға бір күн қалғанда зияткерлі жұмыспен айналыспаңыз. Таза ауада дем алыңыз. Кешке кино, бірақ тек комедия көруге рұқсат! Дау-жанжалдан аулақ болыңыз. Бұл кедергі етеді.

2- Емтихан алдында, түнде, конспект көруге бір сағатыңызды арнаңыз. Дұрыс білмеймін деген негізгі пунктерді қараңыз.

3- Емтихан күні ұйқыңыз қанып тұруы керек. Емтиханға ерте келмеңіз, 15 минут жеткілікті. Әйтпесе, көп толқып қоясыз.

4- Бірінші болып тапсырыңыз. Емиханды көп күту, психологиялық түде жалықтырады.

5- Емтиханға бара жатып, өзіңізбен бірге конспектіңзді алуға ұмытпаңыз. Көшіріп жазу үшін емес, өзіңізді қорғалғандай сезіну үшін.

Формула – емтиханды табысты тапсыруға деген икем

1- Мен емтихан тапсырғым келеді

2- Менің қалауым – берік білімді болу

3- Мен өзімді қабілетті, бәрін білуші адам ретінде көремін

4- Мен өз мақсатыма қол жеткізе аламын – емтиханды табысты тапсырамын

5- Мен бәрін істей аламын, емтиханды да тапсырамын, мен ешнәрседен қорықпаймын

6- Емтиханды жақсы тапсыратыныма күмәнім жоқ

7- Барлық адамдар мені барлығын білетін, өз-өзіне сенімді адам ретінде көреді

8- Барлық мұғалыімдер мені бір оқығаннан жаттап алатын, қабілетті оқушы ретінде біледі

9- Мен барлық рухани күшімді саламын

10- Маған емтиханды жақсы тапсырған ұнайды

11- Менің білімім жақсы, берік

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala