29.11.2020  Жексенбі

         Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда жұмыс берушілермен тығыз байланыста болғанда ғана жоғары білікті кәсіби мамандарды даярлап шығаруға болады.            Әлеуметтік серіктестікпен жұмыс жасау — әрбір түлектің білікті маман, кәсіби шеберлігінің сапасы жоғары болуының негізгі жолы.     Осы бағытта біздің колледж Алматы қаласындағы,   Алматы облысының Қарасай, Жамбыл  аудандарындағы  20-дан астам   мекеме,  ұйымдармен  әлеуметтік серіктестік  туралы келісім шарт жасасып, бірлесіп жұмыс жасауда. Олар: «КазСуШар» Алматы  филиалы РМК, «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ»,  «Ушконырирригация» МКК, «Мемлекетаралық су шаруашылық үйлестіру комиссиясы ғылыми-ақпараттық орталығы»,  «Қазақстан Су Серіктестігі қоғамдық қоры», «Қарғалы Су» МКК,   «Жер кадастры ҒӨО» Қарасай аудандық бөлімшесі,      «Казселденқорғау» ММ, «Шабыт» ЖШС,  «Шайдинова Г.Р» ЖК, «Корпорация  Литер» ЖШС және т.б. Студенттер жоғарыда көрсетілген базалық  ұйымдарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Келісім-шарттар жыл сайын жаңа оқу жылына жасалып отырады

           Әлеуметтік серіктестер өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша білім алушылардың кәсіби дәрежесінің жоғарылығын, жұмысқа қабілеттілігін, өз бетімен жұмыс істей алатындықтарын айта келіп, колледж әкімшілігіне алғыс хаттарын жіберіп, түлектерді өздеріне жұмысқа шақырады. 

        Ынтымақтастық төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Мекеменің материалдық-техникалық базасын қолдану арқылы студенттердің тәжірибелік оқуын ұйымдастыру (студенттерге компьютерлік оргтехниканы, құралдарды, нормативтік құжаттама мен кітапхана қорын қолдану мүмкіндігі беріледі);
  2. Өндірістік тәжірибеден өтуге үшжақты келісім шарттар жасау;
  3. Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын бірлесе әзірлеу;
  4. Бірлескен конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
  5. Оқу бітірушілердің қорытынды аттестациясы кезінде мекеме өкілдерінің мамандар даярлау сапасын бағалауы. Мекеме өкілдері мемлекеттік біліктілік комиссиясына басшылық етеді;
  6. Мекемелерде арнайы пәндер оқытушыларының тағлымадан өтулерін ұйымдастыру.

 

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala