29.11.2020  Жексенбі

Алматы облысы жастар ресурстық орталығының қолдауымен, Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығы Үшқоңыр су шаруашылы колледжінің  ерикті студенттерімен бірге, төтенше жағдай кезінде Асыл арман микрорайонының тұрғындарына әлеуметтік және гуманитарлық қолдау көрсетіп азық - түліктер мен маскалар таратып көмек қолын созды. 

Елдегі төтенше жағдайға байланысты қауіпті індеттің таралуына жол бермей, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатында, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің ұжымы Мемлекет басшымыздың бастамасы «Біз біргеміз!» #bizbirgemiz акциясын қолға алды. Колледж ұжымы қолдан келгенше жетім, аз қамтылған, көп балалы, көмекке мұқтаж студенттердің отбастарына қол ұшын созып, азық-түлік жеткізіп беруге өз үлестерін қосты. Жақсылық жасаудан тайынбайық!   

Алматы облысы жастар ресурстық орталығының қолдауымен, Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығы Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің ерикті студенттерімен бірге, төтенше жағдай кезінде Асыл арман микрорайонының тұрғындарына әлеуметтік және гуманитарлық қолдау көрсетіп азық - түліктер мен маскалар таратып көмек қолын созды.

Гостевая встреча «Молодой предприниматель»

В рамках внедрения факультативного курса «Основы предпринимательской деятельности» 25 октября 2019 года в колледже  была проведена гостевая встреча с представителем региональной палаты предпринимателей «Атамекен» Бошен Б. К, предпринимателем Карасайского района  Мейрамовой Э.К. (ИП «Мейрмамова») и социальным партнером колледжа и. о. директора филиала ТОО «Шабыт» Байболатовой Н.А..

Целью мероприятия  была ознакомительная лекция о программах поддержки предпринимательства со стороны НПП «Атамекен» и популяризации бизнеса в Карасайском районе.

 Участниками встречи были студенты 3 курсов: 31 «СТҚ», 3 «ИС», 3 «ЗЕМ», 3 «Эко», 3 «СТҚ». Слушатели приняли активное участие ,интересуясь, условиями поддержки развития предпринимательства среди молодежи, проблемах, с которыми сталкиваются предприниматели,  видах деятельности для успешного бизнеса. Гости дали интересные, компетентные ответы. Встреча прошла в доброжелательной обстановке, на которой каждый из присутствующих приобрел начальные теоретические навыки для развития предпринимательского потенциала.

Ответственные: преподаватели Халмуратова Ж.А., Лешкова Г.Г.

 DSC0013 DSC0028 DSC0046

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2018 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апталықтың колледжішілік жоспары бекітілді. Апталықты өткізудің мақсаты-қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес топтардың, БАҚ-тың күштерін біріктіру. Жоспарға сәйкес 1 курс студенттері арасында «Ата-анам және мен» атты спорттық эстафета өтті. Эстафета қорытындысы бойынша:

• 1 орын - 1 «стқ» тобының студенті Атағұлов Еркебұланның отбасы
• 2 орын - 1 «ис» тобының студенті Қалмаханов Асхаттың отбасы
• 3 орын - 1 «зем» тобының студенті Жумашев Бексұлтанның отбасы
• 4 орын - 1 «эко» тобының студенті Абламбекова Алтынайдың отбасы

Елбасының тапсырған рухани жаңғыру идеясы аясында аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен 4 сәуір күні Қаскелең мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай аудандық «Мақал айтыс» ойыны өтті. Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттері 3 «СТҚ» тобынан Сейтқали Берік пен Қалбаев Аймұхамет, Иманжан Бақыткүл 1 «ИС» тобынан қатысып алғыс хаттармен марапатталды.

2019 жылдың 29 наурыз күні Елордамыз Нұр-сұлтан қаласында «Білім-өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы мен мемлекет тарихи институты бірлесіп Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатындағы «Қазақстан- білім беруді жаңғырту жолында» атты республикалық конференциясы өтті. Конференция барысында Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің тәрбие-ісі жөніндегі директордың орынбасары Лиясова Гульмира Джайлаубаевна «Ұлт ұстазы-2019» атты республикалық байқаудың жеңімпазы болып марапатталды.

22.11.2018 жылы Қарасай ауданы колледждері арасында «Қазыналы Қарасай» атты жайдарман ойынында колледж намысын қорғаған «Іnstagram» құрама командасы жүлделі үшінші орынды иеленд! Жайдарман ойынының ұйымдастырушылары Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығы.

Күні бүгін 02.11.2018 Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жастарға кеңінен насихаттау үшін, Қарасай аудандық тарихи өлкетану мұражайының директоры, ҚР жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Қалиев пен игі іс-шара өтті. Кездесу барысында Президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен түсіндіретін өлеңдер мен әңгімелер айтылды. Сонымен қатар ұлтжандылық, отаншылдық, мемлекетшілдікке шақыратын бейнероликтер көрсетілді. Студенттеріміз белсене қатысып көкейлерінде тұрған сұрақтарын қойып жауап алысты. Іс-шара соңында тарих пәнінің оқытушысы А.Саламатова мен 1 курс студенті Қалбаев Аймұхамбет «Асыл арна» теледидарының журналистеріне кездесу барысындағы алған әсерлері туралы сұхбат берді.

2018 жылдың 25 қазанында Алматы облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының білім алушылары арасында «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз » атты облыстық байқау өтті. Колледжіміздің студенттері «Гидротехникалық құрылыс» мамандығының артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттап жүлделі бірінші орынды байлап, колледж абыройын асқақтатып қайтты.

Колледжде «Арайлы Алтын күз - 2017» мерекелік іс шарасы өткізілді.

Мерекелік іс шараға 1 – 2 курс топтары басымдылық пен озық өнер көрсетіп, белсенді ат салысты. Байқау 5 кезеңнен тұрды.

Page 1 of 2

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala