21.10.2021  Бейсенбі

Күні бүгін 02.11.2018 Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жастарға кеңінен насихаттау үшін, Қарасай аудандық тарихи өлкетану мұражайының директоры, ҚР жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Қалиев пен игі іс-шара өтті. Кездесу барысында Президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен түсіндіретін өлеңдер мен әңгімелер айтылды. Сонымен қатар ұлтжандылық, отаншылдық, мемлекетшілдікке шақыратын бейнероликтер көрсетілді. Студенттеріміз белсене қатысып көкейлерінде тұрған сұрақтарын қойып жауап алысты. Іс-шара соңында тарих пәнінің оқытушысы А.Саламатова мен 1 курс студенті Қалбаев Аймұхамбет «Асыл арна» теледидарының журналистеріне кездесу барысындағы алған әсерлері туралы сұхбат берді.

 

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala