Елдегі төтенше жағдайға байланысты қауіпті індеттің таралуына жол бермей, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатында, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің ұжымы Мемлекет басшымыздың бастамасы «Біз біргеміз!» #bizbirgemiz акциясын қолға алды. Колледж ұжымы қолдан келгенше жетім, аз қамтылған, көп балалы, көмекке мұқтаж студенттердің отбастарына қол ұшын созып, азық-түлік жеткізіп беруге өз үлестерін қосты. Жақсылық жасаудан тайынбайық!