24.11.2020  Сейсенбі

Соңғы уақытта еліміздің бірқатар оқу орындарында, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, топтық төбелес жиі орын алып жатқанына байланысты 08.02.2019ж сағат 14.00 де барлық колледж студенттерімен АІІ ЖПҚ ЮПТ қызметкерлері және Шамалған ауылдық жастар ісі-жөніндегі әдіскер нұсқаушысы С. Нүрсәлімен "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында кездесу өтті. Кездесу басында полиция капитаны А.Жаппаркулов мырза қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып өтті. Колледжіміздің инспекторы, полиция капитаны Дуйсенбаева.М.Д құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағлұмат берді.

Кәмлеттік жасқа толмаған балалардың жазасын өтеу коллониясы жайлы арнайы дайындалған видеоролик көрсетілді. Шамалған ауылдық жастар ісі-жөніндегі әдіскер нұсқаушысы С. Нүрсәлі өз кезегінде жастарды бос уақыттырында ауылішілік іс-шараларға қатысуға шақырып, белсенді студенттерімізге алғысын білдірді. Колледж студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті жауап алды. Кездесу соңында колледж директоры Шаймерден С.С. студенттерге құқық бұзушылықтың қай кезде де жақсылыққа апармайтынын айтып, тәртіпті, үлгілі көшбасшы болуға шақырды.

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala