24.11.2020  Сейсенбі

«Дін тәрбие діңгегі» тақырыбында өткен семинардың

хаттамасы

Үшқоңыр ауылы 8 қыркүйек, 2018 жыл

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі сағат 11:00-де

Төрайым: Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің директоры С.С.Шаймерден

Хатшы: Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Г.Д.Лиясова

 

Қатысқандар:директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.Б.Танатбаева, колледж әдіскері Г.А.Өтетілеу, колледж психологі А.Д.Мырзахметова, Ұмтыл ауылдық округінің имамы Ерназар Қуандық Бектурғанұлы, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің оқытушылары мен студенттері-350

 

Күн тәртібі: «Дін тәрбие діңгегі» тақырыбында семинар

Сөз кезегі:

Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Г.Д.Лиясова

Бүгінгі жаһандану ғасырында, ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта жастар тәрбиесі өзектілігін жоғалтпайтын тақырып. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастар мәселесін әрдайым назарда ұстап, олардың толыққанды діни білім алуына, мешіт имамдарымен тұрақты қарым-қатынаста болуларына мүмкіндіктер жасап, тиісінше қолдау білдіріп келеді.

Бүгінгі таңда бейбітшілік заманда сарбаз, батыр дегеніміз-жаугершілік кезіндегідей қолына қару алып,жауға қарсы аттану емес. Заманымыз тыныш, бүгінгінің батыры ол – бейбіт заманның тыныштығын сақтау, елге қарсы емес, керісінше ел үмітін ақтау. Бүгінгінің батыры ол – білім алып, ол білімінің туған халқына қарсы емес, ел мүддесі үшін жұмсайтындар. Ал, кеше ғана Ақтөбеде қару ұстанған батырсымақтардың жөні бір бөлек. Осы орайда, ағартушы Ы.Алтынсариннің Адамға алдымен тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» - деген сөздері еске түседі.

Ұмтыл ауылдық округінің имамы Ерназар Қуандық Бектурғанұлына беріледі. Жиналған жастарға білім туралы, тәртіп, адамның бойындағы қасиеттер туралы сөз қозғап, әңгімеледі. Кездесу барысында иман, дін жайында, діннің қазіргі кездегі жағдайы туралы, діннің дұрыс ағымдары мен имандылық пен әдептілік туралы айтылды. Әңгіме барысында дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінетіндігі, адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмағандығын, жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналғандығы, бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атағанын атап көрсетті. Сонымен бірге бес парызды, тазалықты, иманның шарттары және де исламның шығу тегі мен мақсаты, мазмұны сөз болды.

 

 

Төрайым С.Шаймерден

 

Хатшы Г.Лиясова

«Ислам діннің мақсаты – тыныштық пен бейбітшілік»

тақырыбында өткен семинардың

хаттамасы

 

Үшқоңыр ауылы 5 қазан, 2018 жыл Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі сағат 15:00-де

 

 

 

Төрайым: Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің директоры С.С.Шаймерден

Хатшы: Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Г.Д.Лиясова

 

Қатысқандар:«Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығының» әдіскер нұсқаушылары және жетекшісі М.Нурланова, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің оқытушылары мен 1-2 курс студенттері-150

 

Күн тәртібі: «Ислам діннің мақсаты – тыныштық пен бейбітшілік»

тақырыбында өткен семинар

Сөз кезегі:

Жандосов ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Әбдіғани Арайлым Бахтиярқызына беріледі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз әлемді байланыс тыратын күш Алланың барлығына сенім. Исламтұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым.

 

Сүлейман Демирель университетінің «Зайырлылық және Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімі Ғалия Сагимбаеваға беріледі. Оқушыларға білім туралы, тәртіп, адамның бойындағы қасиеттер туралы сөз қозғап, әңгімеледі. Жиын барысында иман, дін жайында, діннің қазіргі кездегі жағдайы туралы, діннің ағымдары мен имандылық, әдептілік туралы сөз қозғалды. Сөз барысында дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлу, адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі тәрізді маңызды мәселелер аталып көрсетілді. Сонымен бірге бес парызды, тазалықты, иманның шарттары мен исламның шығу тегі, мақсаты, мазмұны сөз болды.

 

 

 

Төрайым С.Шаймерден

 

Хатшы Г.Лиясова

«Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте»

тақырыбында өткен дөңгелек үстелдің

хаттамасы

 

Қаскелең қаласы, 9 қараша, 2018 жыл

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі сағат 14:00-де

 

Төрайым: Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің директоры С.С.Шаймерден

Хатшы: Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Г.Д.Лиясова

 

Қатысқандар:«Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығы» жастар ісі

жөніндегі әдіскер нұсқаушылары және Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің оқытушылары мен студенттері.

 

Күн тәртібі: «Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте»

тақырыбында өткен дөңгелек үстел

 

Сөз кезегі:

Алматы өнерінің сектор меңгерушісі Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлына беріледі.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: әлемдік діндердің, ислам дінінің бағыты, даму жолдары, ол жолдардың жазбаша, ауызша халық шығармашылығымен тәрбиелік мәні арқылы меңгеруге жетелеу. Жастарымыздың бойындағы асыл қасиеттерін көтеру, азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, тәрбиелеу.

«Түркістан» мешітінің бас имамы Ташенов Ринат Cейітқалиұлына беріледі. Оқушыларға білім туралы, тәртіп, адамның бойындағы қасиеттер туралы сөз қозғап, әңгімеледі. Жиын барысында иман, дін жайында, діннің қазіргі кездегі жағдайы туралы, діннің ағымдары мен имандылық, әдептілік туралы сөз қозғалды. Сөз барысында дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлу, адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі тәрізді маңызды мәселелер аталып көрсетілді. Сонымен бірге бес парызды, тазалықты, иманның шарттары мен исламның шығу тегі, мақсаты, мазмұны сөз болды.

 

 

Төрайым С.Шаймерден

 

Хатшы Г.Лиясова

 

 

Терроризмге қарсы іс-қимыл туралыотырыс

ХАТТАМА

 

Үшқоңыр ауылы 25 желтоқсан, 2018 жыл

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі сағ. 15:40

 

Қатысқандар:

Оқытушылар-32

Қызметкерлер-27

Күн тәртібінде:

1. ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл» Заңының 1б,10-3 1-бап және ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық» Кодексімен таныстыру. (С.Шаймерден)

2. Ғимаратты күзету мен қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар ережесін ұйымдастыру. (Ж.Карибаев)

3. «Табиғи түрдегі төтенше жағдайлар кезіндегі ұйым қызметркелерінің іс-әрекеті» қызметкерлерге кеңес (Ж.Карибаев)

4. «Терроризм деген не? өзіңді қалай қорғауға болады?» қызметкерлерге кеңес (Г.Лиясова)

Тыңдалды:Колледж директоры Т.А.Ибрагимов өз сөзінде, «ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл» Заңының 1бабында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:1) адамдар көп жиналатын объектілер – сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары;2) арнаулы мақсаттағы бөлімше – терроризм актілерінің жолын кесу үшін құрылған бөлімше;3) кепілге алынған адам – кепілге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін-өзі басқару органын немесе халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында кепілге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;4) күш қолдану идеологиясы – күш қолдануды, оның ішінде саяси, діни, идеологиялық және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін террористік әдістер мен құралдарды пайдалана отырып күш қолдануды жақтайтын қоғамдық теориялар, көзқарастар мен идеялар жүйесі;5) терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы;6) терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау;6-1) терроризм актісін жасауға шақыру – жария түрде айтылған немесе таратылатын ақпараттық материалда көрініс тапқан, жеке тұлғаны терроризм актісін жасауға итермелеу мақсатында оның санасына, еркіне және мінез-құлқына әсер ететін үндеу;7) терроризмге қарсы операция – адам күшін, қызметтік иттерді, жауынгерлік және өзге де техниканы, қару мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу, жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде өткізіледі;8) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі – терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің айрықша режимі, бұл кезде терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңіне жекелеген шаралар, азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына уақытша шектеулер белгілеуге жол беріледі;9) терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағы – терроризмге қарсы операцияның басшысы айқындаған, шегінде аталған операция өткізілетін жердің немесе акваторияның жекелеген учаскелері, әуе кеңістігі, көлік құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға іргелес аумақтар;10) терроризмге қарсы іс-қимыл – мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының:терроризм профилактикасы;террористік іс-әрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу;шұғыл медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық сүйемелдеу, авариялық-құтқару және өртке қарсы іс-шаралар өткізу, террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуін және экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды әлеуметтік оңалту, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарға моральдық жәнематериалдық зиянды өтеу жолымен терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызмет

АӘД пәнінің оқытушысы Ж.Карибаевөз сөзінде, 10-3-бап. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының міндеттері

1. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік іс-әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы және олардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау мақсатында:

1) тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;

2) үлгілік паспорттың негізінде – өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;

3) персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу;

4) жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау;

5) объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.

Терроризм актісі жасалған жағдайда меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердіңбасшылары және (немесе) қызметкерлері жасалған терроризм актісі туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе ішкі істер органдарына дереу хабарлауға және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз етуге міндетті.

2. Тиісті іс-шараларды іске асыру мақсатында меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары қажетті қаржыландыруды көздеуге міндетті.

3. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының аталған міндеттердіорындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Г.Лиясова өз сөзінде, «Терроризм – бұл ең қорқынышты қылмыстың бірі, қоғамда адам өмірін ең жоғары құндылық деп санаса, терроризмнің басты мақсаты қарапайым халықтың өмірі болып табылады. Ең қорқыныштысы террористер өздерінің көздеген мақсаттарына жету жолында ештеңеге қарамайды, олар тіпті бейкүнә сәбилердің өмірін қиып кетуге дайын. Сондықтан да терроризм – ақтап алынбайтын қылмыс, жай емес заңның ең қатал түрімен жазалау қажет болып табылатын қылмыс.

Орын алуы мүмкін террористік актінің алдын алу немесе оның салдарынан келген залалды азайту үшін келесі сақтандыру шараларын сақтау қажет:

поезд вагонында немесе автобуста, үйдің кіреберісінде немесе далада (базарда, қоғамдық орындарда және т.б.) иесіз пакеттерді (сөмкелерді, қораптарды және т.б.) қозғаушы болмаңыз және ол затқа басқаларды да жақындатпаңыз. Табылған зат жайында полиция қызметкеріне хабарлаңыз;

Егер Сіз сезікті зат тауып алсаңыз – бұл фактіні назардан тыс қалдырмаңыз!

а) қоғамдық көлікте:

жақын тұрған адамдардан сұраңыз, заттың (сөмкенің және т.б.) кімге тиесілі екендігін немесе оны кімнің қалдырып кетуі мүмкін екендігін анықтауға тырысыңыз. Егер белгісіз заттың иесі анықталмаса табылған зат туралы жүргізушіге (машинистке және т.б.) тез арада хабарлаңыз.

б) өз үйіңіздің кіреберісінде:

көршілерден сұрастырыңыз, мүмкін ол соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса - табылған зат туралы Өзіңіздің тұрғылықты жер бойынша полиция бөлімшесіне тез арада хабарлаңыз.

в) әкімшілікте (мекемеде):

табылған зат туралы әкімшілік (мекеме) басшысына тез арада хабарлаңыз.

Барлық келтірілген жағдайларда:

- тауып алған затты қозғамаңыз, ашпаңыз және орнынан жылжытпаңыз;

- затты тауып алған уақытты белгілеңіз;

- адамдарды қауіпті заттан неғұрлым алысырақ кетіруге тырысыңыз;

- міндетті түрде шұғыл-тергеу тобының келуін күтіңіз;

- негізгі көрген адам Өзіңіз екенін ұмытпаңыз.

Есіңізде болсын!

Заттың сыртқы түрі оның шын мәнінде қандай мақсатқа қолданылатындығын көрсетпеуі мүмкін. Жарылғыш заттардың тысы ретінде кәдімгі сөмке, пакеттер, түйіншек, қораптар, ойыншықтар және т.б. пайдаланылады.

Ата-ана!

Сіз өз балаңыздың өмірі мен денсаулығына жауаптысыз. Далада немесе үйлердің кіреберісінде табылған кез-келген зат өмірге қауіп төндіруі мүмкін екендігін түсіндіріңіз.

Тағы да естеріңізге саламыз!

Жарылғыш зат болып шығуы мүмкін тауып алған затқа немесе күдік тудырған сезікті затқа қатысты өздігіңізден ешқандай іс-әрекет қабылдамаңыз – бұл оның жарылуына, көптеген адам шығынына, қирауға әкеліп соғуы мүмкін.

Қаулы қабылданды:

1. Колледж қызметкерлері мен студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысшы комиссиясын құру

2. Терроризмге қарсы шаралар жоспары мен ақпараттарды колледжсайтына орналастыру

3. Табиғи түрдегі төтенше жағдайларға байланысты ТЖ қызметкерлерімен кездесулер, сақтану сабақтарын өткізу және кеңестер беру.

 

Төраға С.Шаймерден

Хатшы Г.Лиясова

© «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі»

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Әділбеков көшесі №1

8 (72771) 5-05-80

marzhan7@rambler.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala